«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОРДАН ТӨЛЕМ АЛДЫ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыс бойынша филиалы биыл 52 медициналық мекемемен жалпы сомасы 70,9 млрд. теңгеге шарт жасады.

“Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалының директоры Айнагүл Дәулетшинаның айтуынша, медициналық ұйымдарға 25,2 млрд. теңгеден астам сома төленген. 2024 жылдың қаңтар айы үшін 47 жеткізушіге 3,2 млрд. теңгеге төлем жасалды.

“Бірінші кезекте төлем гемодиализ орталықтарының, перзентхана бөлімшелерінің, жоғары технологиялық медициналық көмектің, “Жедел жәрдемнің”, қан орталықтарының, консультациялық-диагностикалық көмектің және туберкулез, психикалық денсаулық бағыттарының қызметтері үшін жасалды. Осылайша бүгінгі таңда медициналық ұйымдардың 96 пайызы жылдың бірінші айы үшін төлем алды. Ал ақпан айы үшін төлемдер маусым айының басынан бастап жүргізіле бастайды”, – дейді маман.

Қор медициналық ақпараттық жүйелерді жаңарту кезеңінде клиникалардың қаржылық тұрақтылығын қолдау үшін медициналық ұйымдарға берілетін аванс мөлшерін 70 пайызға дейін арттырған. Шарт жасалған медициналық ұйымдардың барлығымен кездесулер өткізілді. Оларға цифрландыру процесінің ерекшеліктері, қосымша аванстық өтінімдер беру мүмкіндіктері және азаматтарға үздіксіз медициналық көмек көрсету қажеттілігі түсіндірілді.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp