Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына кеше екі медаль түсті.
Шорт-тректен қыздар және жігіттер құрамалары мәре сызығын үшінші болып қиып, екі қола медальға ие болды.
Бұдан бұрын Жанбота Алдабергенова – шаңғы акробатикасында, Әсет Дүйсенов шаңғымен жарыста қола жүлдені иемденген болатын.
Қысқы Универсиада ойындарына әлемнің 50-ден астам елінен жастар қатысып, спорттың 11 түрінен сайысуда.
http://lenta.inform.kz/kz/universiada-short-trekten-kazakstan-kuramasy-eki-kola-aldy_a3505045