«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОС ТІЛДІ СЕМИНАР ҚЫЗЫҚТЫ ӨТТІ

Қызылжар ауданының орталығындағы «Парасат» мектеп-лицейінде «SCIENCE TEAM» қауымдастығының «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге ағылшын тілін енгізудің алғашқы қадамдары» атты облыстық семинары өтті.    

Семинардың мақсаты – үштілді білім берудің сабақтастығын қамтамасыз ету. Семинарға Аққайың, Есіл, Мамлют, Қызылжар аудандарынан  және қала мектептерінің биология, физика, информатика пәндерінің мұғалімдері қатысты. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдер  Нұрсұлтан Жанымхан, Талғат Бигельдинов, Ақылбек Айтымов тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи білім беру технологияларымен таныстырды.

Биология пәнінің мұғалімі Бақыт Алдабергенева, ағылшын тілі мұғалімі Бейнегүл Бекболатова  «Жүректен жүрекке жалынды сәлем» атты тренингті екі тілде көрсетті. Сонымен қатар, оқушылар келген қонақтарға үш тілде мектеп мұражайын таныстырып, шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Семинарға қатысушылар қызықты әдіс-тәсілдермен,  озық тәжірибелермен танысқандарына алғыстарын білдірді.

Алмагүл СӘДУОВА,

«Парасат» мектеп-лицейі директорының орынбасары.

Қызылжар ауданы.

 
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp