«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОСЫМША ЖЕТІЛДІРІЛДІ

Үстіміздегі жылдың шілде айында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті кәсіпкерлерге арналған “Qamqor” ұялы қосымшасының жетілдірілген нұсқасын іске қосқан болатын. Оның негізгі ерекшелігі – тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген QR кодты оқитын функциясы.

 Кәсіпкер аталған кодты сканерлеп, тексеру мерзімі мен түрі туралы және т.б. нақты ақпаратты көріп, оны тексеру тағайындау туралы актімен салыстыра алады. Сондай-ақ, кәсіпкер тағайындалған тексеру туралы хабарламаны алған соң тексеру басталғанға дейін оның барысында қойылатын талаптармен танысуына болады. Тексеру аяқталған соң кәсіпкер қосымша арқылы тексеру қорытындысымен таныса алады.

Ұялы қосымшаның алғашқы нұсқасы тек негізгі екі қызметті атқарған. Олар тағайындалған тексеру туралы хабарлау және тексерушінің іс-әрекетіне шағымдану ғана.

Жалпы, бұл қосымша 2017 жылдың наурызынан бастап қанатқақты жоба ретінде қолданысқа енгізілген және осы мерзім ішінде оған қолданушы ретінде 27 мың кәсіпкер тіркелді. Ұялы қосымшаның жаңа үлгісі мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp