Әлеуметтік қызмет және денсаулық сақтау саласындағы негізгі қызмет көлемінің 92 пайызын мемлекеттік мекемелер көрсетеді.
2016 жылы облыста халыққа медициналық көмекті 114 ұйым көрсетті, оның 28-і – аурухана. Әлеуметтік қызметті 18 ұйым көрсетті. Облыстағы әлеуметтік қызмет және денсаулық сақтау ұйымдарымен негізгі қызмет түрі бойынша орындалған қызмет көлемі 7584,3 млн. теңгені құрады.
Қызметтердің ең үлкен көлемі ауруханалық ұйымдар қызметі есебінен қалыптасты, олар 3867,3 млн. теңге (51 пайыз) сомасына қызмет көрсетті. Жалпы дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар үлесі 15,2 пайызды, әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар – 11,1 пайызды, мамандандырылған дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар – 10,6 пайызды, адам денсаулығын қорғау жөніндегі қызметті жүргізетін ұйымдар – 8,7 пайыз, стоматологиялық қызмет көрсететін ұйымдар 3,4 пайызды құрады.
Облыстық статистика департаменті.