«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗМЕТ САПАСЫ – БАСТЫ КӨРСЕТКІШ

Облыстық полиция департаментінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Елена Степаненконың қатысуымен электронды мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ, көші-қон қызметінің сапасын арттыру мәселелеріне арналған семинар өтті.

Семинар барысында жиналғандарға “Digital Agent” жаңа қосымшасы таныстырылды, оның көмегімен облыс тұрғындары көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына өз бағаларын бере алады. Бүгіндері облыс аумағындағы полиция бөліністерінде тұрғындарға қызмет көрсететін бес фронт-офис жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсететін осындай орталықтар барлық аудандарда ашылмақ.

Алқалы жиында облыстық полиция департаменті, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті мен “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы арасында мемлекеттік қызмет көрсетуде өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Облыстық полиция департаментінің бастығы Берік Біләлов мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамытуға қосқан үлесі және тығыз ынтымақтастық орнатқаны үшін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Елена Степаненкоға Алғыс хат табыс етті.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp