Үстіміздегі жылғы 25-26 қазан күндері Астана қаласының Орталық алаңында Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.
Аталмыш шара облыстың қол жеткен жетістіктерін, оң инвестициялық беделінің қалыптасуын көрсетуді, өңірде шығарылған тауарларды әйгілеуді және өңіраралық байланыстарды нығайтуды көздейді.
Жәрмеңкеге облыстың барлық аудандары мен Петропавл қаласынан 60-тан астам үздік кәсіпорындар қатысады.
Ел астанасына 760 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу жоспарланып отыр. Барлық өнімнің бағасы астананың азық-түлік базарларындағыдан 15-20 пайызға төмен.
Сонымен бірге, жәрмеңке өткен кезеңде Астана тұрғындарына облыстың шығармашылық ұжымдары дайындаған мәдени бағдарлама, қолданбалы өнер көрмесі ұсынылады. Сол сияқты, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды көрсете отырып, алтыбақан және киіз үй құру жоспарланған.