Бүгінде облыс орталығындағы оқушылар сарайы қосымша білім беру жүйесінде шәкірттердің ғылыми-техникалық шығармашылығының, жобалау-зерттеу қызметінің, креативті идеяларының ошағына айналып отыр. Жыл сайын каникул уақытында мұнда “Жазғы академия” алаңы ұйымдастырылады, оның мақсаты – STEAM-білім беру бағдарламасы бойынша үйірмелердің әлеуетті білім алушыларын тарту арқылы Солтүстік Қазақстан облысы оқушыларының бос уақыты мен демалысын ұйымдастыру. Академия жұмысы 6 жастан 14 жасқа дейінгі балаларды қамти отырып, маусымдар мен ауысымдарға бөлінеді. 10 күн ішінде қызықты сабақтар, сондай-ақ спорттық ойындар, эстафеталар, конкурстар, экскурсиялар, қаланың белгілі адамдарымен кездесулер, спорттық ойындар өткізіледі.
Академия басталғанға дейін әдістемелік бөлім педагогикалық ұжыммен бірлесіп үлкен дайындық жұмыстарын жүргізеді: іс-шаралар жоспары әзірленеді, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ кестесі жасалады, көрнекі және дидактикалық материалдар, дамытушы ойындар мен әдебиеттер таңдалады. Әрбір топқа қосымша білім беру педагогтары қатарынан кураторлар бекітіледі. Олар күн сайын балаларды қарсы алады және шығарып салады. Академияда қауіпсіздік техникасы, тәртіп ережелері бойынша нұсқама өткізеді және балаларды ішкі күн тәртібімен таныстырады, сондай-ақ күні бойы оларды сабақтарға ертіп жүреді. IТ-орталықтың кабинеттері мен зертханаларының жабдықталуы балалардың ғылыми-техникалық және жаратылыстану-ғылыми бағытта дамуына ықпал ететін сабақтар өткізуге мүмкіндік береді. Академия сабақтары оқушылардың ерте кәсіби бағдарлануына ықпал ететін хореография, вокал, театр және музыкалық аспаптар бойынша сабақтарды қамти отырып, эстетикалық бағытты дамытуға қызығушылықтарын оятатыны сөзсіз.
Оқушылар сарайында жаңадан келген оқушыларды ғылыми-техникалық шығармашылыққа, жобалық, конкурстық жұмысқа тарту үшін білім берудің STEAM баламалы жоспары әзірленді. Жоспар бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – “Facebook” және “Instagram” әлеуметтік желілерінде жарнамалық бейнеролик көру арқылы өз қызығушылықтары, ата-аналарының, достарының кеңестері нәтижесінде баланы жазғы академияға қабылдау.
Екінші кезеңде бала жоспарланған іс-шараларға, “Жазғы академия” шеңберіндегі үйірмелерге қатысады, қызықты, шығармашылық тапсырмаларды креативті тәсілмен орындайды, жаңа білім, білік және дағдыларды меңгереді. Осы уақытта мұғалім баламен қажетті байланыс орнатады, әңгімелер мен басқа да социологиялық жұмыс әдістерін жүргізеді, шеберлігін көрсетеді және балаға осы эксперименттерді қайталауға және игеруге мүмкіндік береді. Осылайша мұғалім баланың мінезін, темпераментін, жоғары психикалық функцияларының деңгейін, оның мүдделерін анықтауға тырысады.
Үшінші кезеңде бала шығармашылық тапсырманы орындайтын бағытты, үйірмені және педагогты таңдайды. Осы жұмысты жеке немесе топтық деңгейде орындау арқылы бала оқу кезеңінде үйірмеге жазылу арқылы білімін, дағдыларын жетілдіруге ынталанады.
Төртінші кезең – үйірме қызметі шеңберінде оқу бағдарламасына және күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес оқу курсынан өту. Педагог оқушылармен бірлесіп ғылыми-зерттеу қызметінің ауқымын белгілейді: оқушы өз қызығушылығына сүйене отырып, жеке жоба бойынша жұмыс істейтін болады не жұмыс тобына қосылады.
Бесінші кезең – жоба бойынша жұмыс. Зерттеу нәтижелерін, шығармашылық қызметті ресімдеу. Қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі конкурстарда, олимпиадаларда, турнирлерде өнер көрсету.
Алтыншы кезең IT және ғылыми-биологиялық бағыттағы үйірмелер қызметін қамтиды. Жобалау қызметінің жетістіктерін коммерцияландыру мүмкіндігін алу мақсатында инкубация курсынан өту және ғылыми бизнес-идеяларды акселерациялау үшін Start-Up жобаны әзірлеу.
2019 жылдың бес маусымынан кейін (2020 жылы академия коронавирустық пандемияға байланысты жұмыс істемеді) “Жазғы академия” курсынан өткен оқушылардың 82 пайызы үйірмелерге жазылды. Оның ішінде оқушылардың 71 пайызы ғылыми-техникалық шығармашылыққа, жобалау-зерттеу, шығармашылық-эстетикалық қызметке белсенді қатысты. Оқушылардың 44 пайызы қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі конкурстарда, олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды. Осылайша “Жазғы академия” бағдарламасы оқушыларды қосымша білім беру жүйесіне тартуға мүмкіндік берді.
Дина ӘБІЛМӘЖІНОВА,
“Оқушылар сарайы” МКҚК директоры.