2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстері құқықтық күшіне енеді. Осыған байланысты бүкіл құқықтық жүйені және нормативтік негіздер бойынша жұмыстарды жаңа әкімшілік заңнамаларына барынша бейімдеу төрт ай бойғы маңызды мәселе болмақ.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі №278 Өкімімен қылмыстық заңнаманы, қылмыстық сот ісін жүргізуді, әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмыстық жазаларды орындау жүйесін жаңа модельге көшіру бойынша іс-шаралардың бірегей мемлекеттік жоспары бекітілді.Осыған байланысты құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіруші ретінде прокуратураға жүктелген міндеттерді тиісінше және мерзімінде қамтамасыз ету тапсырылды.
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап республикамызда сотқа дейінгі зерттеулердің бірегей тізімінде қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды тіркеудің жаңа жүйесінің енгізілуі жаңалықтардың бірі болып табылады.
Құқықтық статистиканы қалыптастырудың аталған жүйесінің қызметі әкімшілік заң бұзушылықтардың біразы қылмыстық әрекет қатарына кіретіндіктен, құқық бұзушылықтарды тіркеу бірнеше есе көбейеді.
Жаңа жылдан бастап қылмыстық іздестіру органдары қылмыс туралы арыз алынған соң ондағы деректерді бір тәуліктің ішінде сотқа дейінгі зерттеулердің бірегей тізіміне енгізіп, тергеу жұмыстарын бастап кетуге тиіс. Жаңа Қылмыстық-процессуалдық кодекс бойынша қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарламалардың сотқа дейінгі зерттеулердің бірегей тізімінде тіркелуі сотқа дейінгі зерттеудің басталуы болып табылады.
Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларда деректердің толық және жеткілікті болуының қылмыстық істі қозғау туралы заңды шешімді бұлжытпай қабылдауда маңызы зор.
Алайда, тәжірибе көрсеткендей, арыздар мен хабарламаларда негізінен бірді-екілі сөйлем ғана жазылады. Және де Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 351-бабы бойынша бұларды жазған адамдарға қасақана жала жапқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны, бұл жағдай шешім қабылданған кезде әуре-сарсаңға салатыны және азаматтардың бойында құқық қорғау органдарына деген теріс пікір қалыптастыратындығы ескертілмейді.
Жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстердің қабылдануына, сотқа дейінгі зерттеулердің бірегей тізімінің енгізілуіне байланысты қылмыстық істі жүргізудің бастапқы кезеңінде азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін Бас прокуратура жаңа қылмыстық процессуалдық заңнамалар жағдайына жұмыс атқаруға көшкен кезде есепке қою-тіркеу тәртібінің жүйесі қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды тізімге жазу бойынша талаптарды енгізді.
2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдап алуда жасалған қылмыстың жағдайлары туралы толық түсініктеме берілетін жаңа тәртіп қолданысқа енгізілді.
Қылмыстар туралы толық емес және жеткіліксіз деректер берілген жазбаша арыздар келіп түскен уақытта қылмыстық іздестіру органдары барлық деректерді жинастыра отырып, бұл арыздарға толықтырулар алуға міндетті.
Жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы арыздардың үлгілері азаматтардың қолжетімді барлық қылмыстық іздестіру органдарында орналастырылды.
Зоя ЦЫМБАЛ,
облыстық прокуратураның қылмыстық
процестің сот сатысына дейінгі
заңдылығын қадағалау бойынша аға
прокуроры.