Облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Жамбыл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Т. деген азаматқа және осы ауданның өкілетті мемлекеттік органдарының басқа да лауазымды тұлғаларына қатысты 2014 жылғы 11 сәуірде шаруа қожалығын кәсіпкерлік қызметін жүргізу заңды құқығынан айыру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 3-бөлімі 307-бабы, (лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану) қылмыстық іс қозғады.
Шаруа қожалығының құқықтары мен заңды мүдделерінің айтарлықтай бұзылуына әкеліп соғып отырған бұл кеудемсоқтық әрекеттің мәнісі мынада. Жеке кәсіпкерге 2011 жылы мемлекеттік жер қорынан 15 жылдық мерзімге жалға бөлінген жалпы алаңы 3702 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі заңсыз жолмен тартып алынып, Пресноредуть ауылдық округінің запастағы жерлеріне ауыстырылған. Қазір осы қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде.
Облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменттің баспасөз қызметі.