«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«ҚҰЛАГЕРДЕ» – ЖАҢА БАСШЫ

«Құлагер» хоккей клубының ойыншылары мен бапкерлер құрамына клубтың жаңа бас директоры таныстырылды. Бұл лауазымға белгілі спорт маманы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Руслан Есеналин тағайындалды.

Руслан Бахыттыұлы – спорт саласында тәжірибесі мол мамандардың бірі. Ол қатардағы кикбоксшыдан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысына дейінгі жолды жүріп өтті. 2008 жылдан бері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы қызметтерін атқарған. Халықаралық жарыстарда олжа салған шәкірттер тәрбиелеген Руслан Есеналин Қызылжар өңірінде кәсіби хоккейдің жандануына өзіндік үлесін қосып, Спорт сарайында мұз айдынының салынуына бастамашы болды. Осындай қолдаудың нәтижесінде «Құлагер» хоккей клубы 2016 және 2019 жылдары ел чемпионатында қола жүлдегер болса, 2016 және 2017 жылдары ел кубогында жеңімпаз атанған болатын.
– Облыстық хоккей федерациясының президенті, өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов кәсіби клуб ұжымына үлкен міндеттер қойып отыр. Басты мақсат – Қызылжар өңірінде хоккей спортын дамытып, жергілікті кәсіби ойыншыларды тәрбиелеу. Тағы бір жақсы жаңалығым бар. Биылғы оқу жылында облыстық олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде хоккей бөлімі ашылады. Ендігі кезекте жастар хоккейін дамытуға басымдық беретін боламыз, – деді Руслан Бахыттыұлы.
Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp