«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЗДІК АУЫЛ КІТАПХАНАСЫ

Астанада мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлеріне арналған «Рухани қазына – 2025» республикалық фестивалі қорытындыланды. Байқау үш бағыт бойынша ұйымдастырылды. Атап айтсақ, мемлекеттік музейлер, кітапханалар және мәдени-демалыс ұйымдары арасында өтті.

Оған қатысу үшін 86 кітапхана, 50 мәдени-демалыс ұйымы және 32 мұражай өтінім тапсырған. Байқау материалдарын үш күн бойы білікті қазылар алқасы сараптады. Қорытынды отырыс нәтижесінде 19 аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. «Үздік ауылдық маңызы бар мемлекеттік кітапхана» аталымын Уәлиханов ауданындағы Қайрат ауылдық кітапханасы жеңіп алды.

Қазіргі таңда Қайрат ауылдық кітапханасының қорында 6900-ден аса кітап бар. Оқырмандарды тарту үшін танымдық-тағылымдық шараларды ұдайы өткізіп тұратын кітапханада заманауи технологиялар мен дәстүрлі кітап оқу мәдениеті үйлесім тапқан

– Қайрат ауылдық кітапханасы – бұл тек кітап сақтау орны емес. Бұл – уақыттар тоғысатын, адамдар шабыт алатын орталық. Бүгінде 650 белсенді оқырманымыз бар. Бүгінге дейін 12 200 шамасында кітап берілсе, 7 000 іс-шара ұйымдастырылды, – деді Қайрат ауылдық кітапханасының меңгеруші-әдіскері Жанаргүл Мүшелбай.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp