«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЙ ҚҰСТАРЫ ҚЫРЫЛДЫ

Тимирязев ауданындағы Тимирязево және Элеваторный елді мекендерінде, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Чернобаевка, Сухорабовка ауылдарында және Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында үй құстарының жаппай қырылу фактісі орын алды.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, барлығы 686 бас құс қырылған. Сақтық шаралары үшін құстар үй иелерінің ауласында өртеліп, дезинфекциялық тазарту жүргізілді. «Ветеринарлық қызмет мамандары құстардан қан мен ішкі ағзаларын зертханалық тексеруге алды. Олар бұл жағдайдың себебін анықтау үшін республикалық ветеринарлық зертхананың филиалына жолданды. Облыстық прокуратура жағдайды толық бақылауға алып, тексеру шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген облыстық прокуратураның мәлімдемесінде.

Мира ТӨЛЕНДІҚЫЗЫ.

Сурет: https://www.inform.kz/ 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp