«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЙІНЕ ҚАЙТЫП ОРАЛМАДЫ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент биылғы жылдың 15 қаңтары күні ауа райының күрт суытып, желдің күшейетіні жайлы өңір тұрғындарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар еткен болатын. Ұялы байланыс операторлары арқылы 584 мың абонентке SMS хаттар жіберілгенді. Соған қарамастан, демалыс күндері жолға шығып, қиындықтарға тап болған 93 жолаушыға, абырой болғанда, дер шағында көмек көрсетілді. Өңіріміздің Ғабит Мүсірепов атындағы, Тайынша, Есіл, Шал ақын, Айыртау, Жамбыл және Қызылжар аудандарының тасжолдарын тазалауға 45 техника жұмылдырылды.

Ауа райының күрт салқындауына байланысты “Астана-Петропавл”, “Жезқазған-Петропавл”, “Мамлютка-Қостанай”, “Екатеринбург-Алматы”, “Көкшетау-Рузаевка”, сонымен қатар барлық ауданаралық жолдар жабылды. Осындай сақтық шараларының жүзеге асырылғанмен тиісті органдардың ескертуін құлаққа ілмей, сапарға шыққан жолаушылардың арасында жолда қалғандар да болды. Сөйтіп, Есіл ауданының Заградовка ауылына бет алған Айыртау ауданының тұрғынының жансыз денесі жолдан 150 метрдей қашықтықтан табылды. 1953 жылғы азаматтың үсік шалған денесін ауыл адамдары көріп, полицияға хабар беріпті. Мамандар осындай бақытсыздықтың алдын алу үшін, әсіресе, қыстың боранды, аязды күндерінде жолға шығудан бас тартқан жөн екенін тұрғындарға тағы бір мәрте ескертеді.  

Айгүл ЫСҚАҚОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp