«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҮМІТ” ҮЗІЛМЕЙДІ

Петропавлда мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында дәстүрлі “Үміт” облыстық спартакиадасы өтті. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова хабарлады.

Облыс орталығында осымен 19-шы рет ұйымдастырылған спартакиадаға барлық аудандардың спортшылары қатысып, кім мықты екенін анықтаған. Қатысушылар спартакиаданың пауэрлифтинг, армрестлинг, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, мүгедектер қоларбасымен жарыс, жеңіл атлетика, ұзындыққа секіру бағдарламаларында сынға түсті.  

Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша 216 ұпай жинаған Аққайың ауданының командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Ал 194 ұпайы бар Тайынша ауданы екінші орынға жайғасса, көшбасшылар үштігін 189 ұпайға қол жеткізген Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның құрама командасы түйіндеді.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp