«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮНДЕУ ҚАБЫЛДАДЫ

Кеше Қазақстан халқы облыстық ассамблеясында “Біз – Қазақстан халқы” республикалық форумы аясында 2015 жылғы 26 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысты жиын өтті. Оған этномәдени бірлестіктердің өкілдері, “Нұр Отан” партиясының мүшелері, қалалық мәслихаттың депутаттары, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, еңбек ардагерлері қатысты.

– Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасы Президентін сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсыныс енгізген болатын. Ол қолдау тауып, Мемлекет басшысының 26 сәуірде сайлау өткізу туралы Жарлығы шықты. Бұл күні осы саяси науқанға солтүстікқазақстандықтар да ұйымшылдықпен қатысып, өздерінің таңдауын жасауы тиіс, – деді жиынды ашқан Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов.  

Жиын барысында “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов, қалалық мәслихаттың депутаты Жангелді Тәжин, “Світанок” украин мәдени орталығының төрағасы Александр Плотко, еңбек ардагері Фанис Литфуллин, СҚМУ студенті Екатерина Старостина сөз сөйлеп, алдағы сайлаудың ел өміріндегі саяси маңызына тоқталып, бұл күні белсенділік таныту қажеттігін атап көрсетті. Форумға қатысушылар облыс тұрғындарына үндеу қабылдап, Қазақстан Республикасының Президентін сайлау күні өңіріміздегі барлық этностардың сайлаушыларын өздерінің азаматтық және патриоттық парыздарын орындап, конституциялық құқықтарын пайдаланып, дауыс беруге шақырады.

Зарап ҚҰСАЙЫНОВ,

  “Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp