Облыста 1705 көпқабатты тұрғын үй бар. Петропавл қаласындағы көпқабатты тұрғын үй қоры – 1041, аудандардікі – 664.
“ТКШ-ның ҚазОрталығы” АҚ-ның облыстық филиалынан бізге хабарлағанындай, ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыста – 103 үйге, оның iшiнде пәтер иелерінің қайтарма қаражаты есебiнен 11 үйге жөндеу жүргізілді. Оларда шатырларды, қасбеттерді, инженерлiк желiлер мен лифтілердi жөндеу жұмыстары атқарылды. 2011-2014 жылдар аралығында 2506 пәтер иелеріне сомасы 149,6 миллион теңгенің тұрғын үй көмегі көрсетiлді.
2014 жылы республикалық бюджеттiң 770,8 миллион теңге қаражаты есебiнен 44 үй жөнделіп жатыр. Бұдан басқа, пәтер иелерінің 14,6 миллион теңге қайтарма қаражаты есебiнен “Солтүстік” басқару компаниясы” ЖШС арқылы Тайынша қаласында бір үй жөнделуде. Бағдарламаны жүзеге асыру кезінде пәтер иелерінің қайтарма қаражаты жоспардағы 323,1 миллион теңгенің орнына 388,4 миллион теңгеге орындалды. 2013 жылы пәтер иелеріне 6,5 миллион теңгенің 196 талабы қойылды, соның 4,6 миллион теңгелік 137 талабы орындалды. Қалған 59 талап өндірісте жатыр. Үстіміздегі жылы 3,8 миллион теңгенің 154 талабы қойылып, оның 2,3 миллион теңге болатын 102 талабы орындалды, қалғаны орындалу үстінде.