«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен елордада өткен республикалық Тамыз конференциясы «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбына арналды. Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру мәселесі тереңірек қаузалған жиында Президентіміз бірқатар ұстазға мемлекеттік наградалар табыс етті. Марапатқа ие болғандардың қатарында жерлестеріміз де бар.

Петропавл қаласындағы №4 орта мектептің мұғалімі Шолпан Әблемова «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болды. Шолпан Бақытқызы педагогика саласында 40 жылдан астам уақыттан бері табанды еңбек етіп ке­леді. Саналы ғұмырын шәкірт тәр­биесіне арнаған ұстаз әріптестерінің ортасында да құрметке ие. Оның кәсі­би шеберлігі, оқушыларына деген сүйіспеншілігі мен адалдығы – жас мамандарға үлгі. «Ұстаз болу – жү­ректің батылдығы» деген сөз бекер айтылмаған. Менің тағдырыма біл­генім мен көргенімді жас ұрпаққа үй­рету ісі жазылған екен. Өзімді бақытты мұғалімнің бірімін деп санай­мын. Шәкірттерім өмірден өз жолда­рын адаспай тапса, еңбегімнің баға­ланғаны сол болмақ», – дейді ол.

Аталған марапат тек жекелеген ұс­таздың еңбегінің жемісі ғана емес, өңіріміздің білім беру саласына, мұ­ғалімдер қауымының еңбегіне берілген жоғары баға.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp