Еліміздің мектептері 12 жылдық оқу мерзіміне көшетіндіктен білім беру саласында соған сай өзгерістер орын алатыны түсінікті. Осы үлкен өзгеріске өңірдің ұстаздары даяр болуы үшін уақытты зая кетірмей, олардың да білімдерін жетілдіру Солтүстік Қазақстан өңірінде қолға алынды.
Осы мақсатпен Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 16 пән бойынша секциялық оқулар басталып, оларға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 600-ден аса басшылары мен мұғалімдері қатысты.
Осы оқудың нәтижесінде мұғалімдер алдағы оқу жылындағы жұмысын күні бұрын бағдарлап, даярлана алады.
Ұстаздар оқуының нәтижесі алдағы тамыз кеңесінде де талқыланбақ.