Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2014 жылдың үш тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жергілікті бюджеттің атқарылуына және Жамбыл ауданы аумағын дамыту бағдарламасының жүзеге асырылу барысына бағалау жүргізілді.
Бақылаумен ауданның 11 ұйымы, соның ішінде: 9 бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және 2 қазыналық кәсіпорын – Пресновка және Благовещенка ауылдарының Мәдениет үйлері қамтылды. Одан басқа, “Жамбыл-су” ШЖҚ КМК-да қаржылық капиталды толықтыруға бөлінген бюджеттік инвестицияларды тиімді пайдалану мәселесі бойынша қосымша бақылау жүргізілді.
Бақылаумен қамтылған бюджеттік қаражаттың жалпы сомасы 3079149,0 мың теңгені құрады. Жүргізілген бақылау іс-шараларының барысында жалпы сомасы 387127,0 мың теңгенің қаржылық тәртіп бұзушылықтары анықталды немесе ол бақылаумен қамтылған соманың 12,6 пайызына тең. Қалпына келтіруге (өтелуге) жататын тәртіп бұзушылықтар сомасы – 24934,3 мың теңге, соның ішінде бақылаудың барысында және оны аяқтау кезінде 21371,2 мың теңге қалпына келтірілді (өтелді). Қалпына келтірілмеген (өтелмеген) сома қалдығы – 3563,1 мың теңге.
Жалпы соманың ішінде қаржылық тәртіп бұзушылықтар 342826,7 мың теңгені немесе 88,6 пайызды, бухгалтерлік есеп және есептілікті жүргізудегі тәртіп бұзушылық – 25866,9 мың теңгені немесе 6,7 пайызды, мемлекеттік сатып алулар жүргізудің рәсімдерін бұзу 18433,4 мың теңгені немесе 4,7 пайызды құрады.
Тәртіп бұзушылықтардың басым бөлігі Жамбыл ауданының білім бөлімінде орын алған – 249429,5 мың теңге немесе 64,4 пайыз, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде – 70552,4 мың теңге немесе 18,2 пайыз, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде – 25064,4 мың теңге немесе 6,5 пайыз болды.
Бақылау іс-шаралары, жалпы сомасы 185613,7 мың теңге немесе 47,9 пайыз тәртіп бұзушылықтардың негізгі бөлігі бақылау объектілерінде еңбек заңнамаларының сақталмауынан жол берілгенін, оның жалақы төлемі жөніндегі төлемдер бойынша тәртіп бұзушылықтарға әкеліп соқтырғанын көрсетті.
Ондағы еңбек заңнамаларын бұзушылықтар негізінен жұмыс өтілін айқындауда, мамандығы бойынша жоғары білімі жоқ, сондай-ақ, мамандықтары бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес қызметкерлерге демалысақысын есептеу үшін орташа жалақыны есептеуде байқалды.
Ауданның бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік заңнаманы сақтамауы себепті бюджеттің шығыс бөлігін жоспарлау кезінде жалпы сомасы 116787,6 мың теңге тәртіп бұзушылыққа соқтырған немесе жалпы тәртіп бұзушылықтар сомасының 30,2 пайызына жол берілген, соның ішінде: бюджеттік өтінімдерде 102990,2 мың теңге шығыстар көлемінің негіздеулері болмаған.
Жүргізілген бақылау бюджеттік қаражаттар мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану фактілерін анықтады.
Мысалы, “Жамбыл-су” ШЖҚ КМК-нің есептік шотында 2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жарғылық капиталды арттыруға бөлінген жалпы сомасы 3130,0 мың теңге пайдаланылмаған бюджеттік инвестициялар қаржысының болғаны анықталды.
Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2012 жылғы желтоқсанда сатып алған, бірақ тағайындалымы бойынша пайдаланылмаған құны 1600,0 мың теңгенің LADA 21214 маркалы автомобилі 2013 жылдың ақпанында құрылыс бөліміне берілген.
Сондай-ақ, бақылау іс-шаралары іссапарлық шығыстарда, атаулы әлеуметтік көмектер төлемінде, күрделі жөндеу жұмыстарының атқарылмаған көлемі үшін төлемдер жасауда, ұялы байланыс шығыстарында, кассалық операцияларда және жалға алушылардың коммуналдық қызметтерін өтеу бойынша жүргізілген шығыстармен байланысты қаржылық тәртіп бұзушылықтар барын анықтады.
Бухгалтерлік есеп және есептілікті жүргізуді бақылау ауданның білім бөліміндегі тәртіп бұзушылықтарды анықтады, соның ішінде:
– іссапарлық шығыстарда 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бюджеттік есептілікте көрсетілмеген жалпы сомасы 10665,1 мың теңгенің кредиторлық берешектерінің болғаны;
– Украин орта мектебі бойынша жылыту жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін негізгі құралдардың теңгерімдік құны 10692,9 мың теңге сомасына арттырылмағаны ашылды.
Жүргізілген бақылау іс-шаралары жалпы сомасы 18433,4 мың теңгенің мемлекеттік сатып алу туралы заңнама тәртібі бұзылғанын анықтады, соның ішінде: білім бөлімі бойынша – 18356,6 мың теңгенің, Пресновка ауылдық округі әкімінің аппаратында – 76,8 мың теңгенің, сондай-ақ, жекелеген мекемелердегі рәсімдік сипаттағы тәртіп бұзушылықтардың барын көрсетті.
“Жамбыл ауданының Білім бөлімі” ММ-дегі “Жамбыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары” ММ-дегі мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, “Жамбыл ауданының Білім бөлімі” ММ-дегі бухгалтерлік есеп және есептілікті жүргізудің анықталған тәртіп бұзушылықтары бойынша бақылау материалдары Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” кодексіне сәйкес тиісті шаралар қабылдау үшін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясына берілді.
2013-2014 жылдарға арналған аудан бюджетінің жоспарлануын бағалаудың нәтижелері, жалпы алғанда аудан бюджетін жоспарлау кезінде Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің қағидаттары сақталатындығын көрсетті.
Сонымен бірге, табыс көздері бойынша болжамдық сомаларды төмендету және негізділік қағидаттарын сақтамау, яғни бюджетті, бюджеттің жобасына қандай да болсын түсімдер мен шығыстарды жобаға енгізудің қажеттілігін және олардың көлемінің негізділігін айқындайтын нормативтік-құқықтық актілер мен өзге де құжаттардың негізінде жоспарлау жүзеге асырылған.
2011-2015 жылдарға арналған Жамбыл ауданының аумағын дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуын бағалаудың барысында, оның “Әлеуметтік саланы дамыту” 2-ші бағыты бойынша аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаманы бұза отырып “Білімнің қолжетімділігіне және сапасына халықтың қанағаттану деңгейі” нысаналы индикаторында 2012, 2013 жылдарға арналған өлшемдік көрсеткіштері жоқ.
Жүргізілген бақылаудың барысында 2011-2015 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасымен көзделген жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілмегені байқалды, ол оның себептерін талдау жөнінде тиісті жұмыстардың жүргізілмегенін және оларды жою үшін қажетті шаралардың қабылданбағанын көрсетеді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тарапынан бағдарламаны іске асырудың нәтижелілігіне және тиімділігіне тиісті мониторингтің жүргізілмеуі, жекелеген іс-шаралардың ағымдағы жағдайларды және қаржылық ресурстарды қамтамасыз ету мен көрсетілген нәтижелерге қол жеткізуді талдаусыз жүргізгенін байқатады.
Жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындылары қаржылық тәртіптің төмен деңгейін көрсетті.
Бақылау нысандары тарапынан бюджеттік және өзге заңнамаларды бұзу біртекті бұзушылықтар түріндегі жүйелі сипат алған.
Негізінен бақылау нысандарымен қаржылық тәртіп бұзушылықтар бюджетті жоспарлау, жалақыны есептеу және төлеу, бухгалтерлік есеп және есептілік, сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру үдерісінде жол берілген.
Жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша, облыстық тексеру комиссиясы төрағасының және мүшелерінің, сондай-ақ, бақылау нысандары басшыларының қатысуларымен тексеру комиссиясының отырысы өткізілді. Оның нәтижелері бойынша жіберілген қаржылық тәртіп бұзушылықтарды және кемшіліктерді жою, оған жол берген лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде тиісті қаулы қабылданды.
Ләззат ШАЙХЫЛЕСОВА,
облыстық тексеру
комиссиясының мүшесі.