Киімдердің түрлі ерекшеліктері бар. Біреуге жарасқан киім екінші біреуге мүлдем жараспауы мүмкін. Бірінің дене бітімін мінсіз етіп көрсетсе, керісінше, екіншісінің кемшілігін көрсетуі мүмкін. Қыз бала бойының биік болғаны әдемі көрінеді. Дене бітіміңіздің кемшіліктерін жасыру үшін де киімді пайдалануыңызға болады. Ол үшін тек талғаммен киіне білу керек. Сонымен ешкімге ұқсағыңыз келмесе, төмендегі пайдалы кеңестерімізді оқып көріңіз:
* Сәнді джинсы мен үстіңізге ұзартылған кеудеше соған сәйкес аяқкиім кисеңіз бойыңыз ұзын, сымбатты көрінеді.
* Классиканы ұнататын болсаңыз, көйлек пен жеңіл жейде киіп алыңыз, сонда ең әдемі бойжеткен сіз боласыз.
* Ерекше талғаммен киіне білсе, қыздарға барлық киім түрлері жарасады десек те болады. Бірақ шалбарға көп көңіл бөле бермей, иығы нәзік әрі жіңішке, ұзын етіп тігілген жеңіл сарафандар, қос етектен тұратын көйлектер мен ұзын белдемшелер де қыз баланы көріктендіре түсетінін ұмытпаңыз.
* Қабатталып тігілген желбіршектің көмегімен арықтығыңызды жасыруға болады. Ал үстіңізге жемпір, жаздық топ, қысқартылған пиджак киіп алсаңыз үйлесімділік тауып, жараса кетеді. Грек стилі де өзінше ерекшелік сыйлап, мінсіз сымбатыңызды айқындай түседі.
* Биыл жазда сәнді көйлектермен қатар үлкен сырғалар мен көлемді әшекейлер, дөңгелек білезіктер тағуға тырысыңыз.
Жаңашылдыққа бет бұрудан қорықпаңыз, әрдайым қандай киімде болсаңыз да бойыңызды тік ұстаңыз!