«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘДІЛБЕК – ЧЕМПИОН!

Барнаул қаласында кекушинкай каратэден Ресей Федерациясының ІІ ашық чемпионаты және XII Халықаралық Сібір-Азия турнирі өтті. Онда Әділбек Молдағалиев жеңіске жетті.

Аталмыш спорттық додаға Жапония, Чили, Иран, Ресей және Қазақстан елдерінен жас спортшылар қатысты. Қазақстан құрама командасында айыртаулық каратэшілер де бақ сынап, жүлделі оралды.

Жеңіс жолындағы ақтық кездесуде Саумалкөл қазақ орта мектебінің 9-сынып оқушысы Әділбек Молдағалиев 55 килограмдық салмақ дәрежесінде қарсыластарына дес бермей, жүлделі І орынды иеленді. Оған Ресей Федерациясының чемпионы атағы берілді.

№2 Саумалкөл мектеп-гимназиясының оқушысы Серікжан Құдайбергенов осы салмақ дәрежесінде 4-орынға табан тіреді.

Чемпионаттың марапаттау сәтінде жерлестерімізге арнайы дипломдар мен медальдар және чемпион кубогы табысталды. Олардың жаттықтырушылары да осындай марапаттарға ие болды. Марапатқа ие болғандар арасында белгілі жаттықтырушы Саят Өтегенов те бар.

Бағлан ҚОЖАҚОВ,

журналист.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp