Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары төтенше жағдайда және карантин кезінде “бармақ басты, көз қыстылық” әрекет жасады деген күдікке ілінген Петропавл қалалық әкімдігінің лауазымды тұлғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Петропавл қалалық ситуациялық орталығына нақты және уақтылы ақпарат ұсыну бойынша жедел штабтың мүшесі болып табылатын мемлекеттік қызметші жеңіл пайда таппақ болған. Ол қаладан шығар жолда қойылған карантиндік блокбекеттер арқылы автокөлікпен кедергісіз жүруге рұқсат ресімдеу үшін 50 мың теңге пара алды деп айыпталуда. Қазіргі таңда күдікті Петропавл қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау оқшаулағышына орналастырылды. Оған қатысты соңғы шешімді сот шығарады.
Фото: https://www.arnapress.kz/