«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әлемнің үш дүркін чемпионы

Албанияның Тирана қаласында еркін күрестен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде жерлесіміз Ризабек Айтмұқан жеңіске жетті.

Әлем біріншілігінде Уәлиханов ауданының тумасы 97 келіге де­йін­гі салмақта өнер көрсетті. Теріс­кейлік балуан ақтық сында иран­дық Махди Морафамен бел­десіп, 11:6 есебімен қарсыласы­нан ба­сым түсті. Солтүстікқазақ­стандық балуанды әлеуметтік же­ліде облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хам­бетов құттықтап, жылы лебізін жет­кізді.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Ризабек Айтмұқан ересектер арасында және 20 жасқа дейінгі бал­уандар ішінен әлем чемпионы атанған болатын. Бұл – оның дүниежүзілік бәсекедегі үшінші жеңісі.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp