«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘМИНАНЫҢ АСУЫ

Ұлттық “Бала дауысы” балалар байқауының кезекті маусымына қатысуға биыл Қазақстанның түкпір-түкпірінен үш мыңнан астам өнерлі өрен ниет білдірген. Олардың арасынан үздік өнер көрсетіп, байқаудың ақтық кезеңіне жолдама алған балғындардың қатарында жерлесіміз Әмина Жапар да бар.

Байқаудың концерттік бағдарламалары желтоқсан айына дейін сенбі, жексенді күндері “КТК” телеарнасында көрсетіледі. Ал дауыс беру notka.kz сайтында 8 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Солтүстікқазақстандықтар Әмина Жапарды қолдап, интернет арқылы дауыс бере алады.

Әмина осыған дейін “Аялаған Астана – 2017” телебайқауында гран-при иеленіп, Ялта қаласында өткен “Жаңа толқын” балалар байқауында көрермен көзайымы аталымы бойынша сыйлық алған болатын. Сонымен қатар республикалық Дельфий ойындарында өнері үздік бағаланып, алтын медальді қанжығасына байлады.

“ҚызылжарАқпарат”.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp