«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘМИНАНЫҢ ЖҮЛДЕСІ

Жерлесіміз Әмина Жапар “Бала дауысы” ұлттық байқауында бірінші орынды жеңіп алды. Өнерлі өрен Ресейдің астанасы – Мәскеу қаласында өтетін “Звездный час” халықаралық байқауында ел намысын қорғайды.

Балалар арасындағы ең ауқымды музыкалық жобаның іріктеу кезеңіне барлық өңірлерден төрт мыңға жуық өнерлі бүлдіршін қатысып, ең талантты 19-ы ақтық сынға өткен болатын. Бір ай бойы көрермендер теледидар арқылы балалардың өнерін тамашалап, өздеріне ұнаған үміткерге дауыс берді. Байқауға Майра Мұхамедқызы, Жеңіс Сейдоллаұлы, Айқын Төлепберген, Данияр Өтеген, Жанар Дұғалова, Әсем Жакетаева және Серік Ибрагимов секілді танымал өнер жұлдыздары төрелік етті.

Конкурс нәтижесінде “Халық махаббаты” сыйлығы маңғыстаулық Ділнәз Тілеповаға бұйырды. Жүлделі үшінші орынды шығысқазақстандық Мәулен Ахметқалиев иеленсе, Алматылық Темірлан Осымқұл – екінші, солтүстікқазақстандық Әмина Жапар бірінші орындарды жеңіп алды. Гран-приді Қостанай облысының Владимировка ауылынан келген 10 жасар Болатхан Исатай иеленді. Оған Қазақ ұлттық өнер университетінің жанындағы мамандандырылған өнер мектебінде оқу гранты және Париждегі Диснейлендке жолдама табыс етілді.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp