«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әріптестік байланыс

Шекаралық өңірлер арасындағы ынтымақтастық байланыс аясында облысымызға Омбы қаласының “Перспектива” шығармашылық даму және гуманитарлық білім беру орталығының өкілдері келді. Омбылық делегация өңіріміздегі бірқатар білім беру ны­сандарын аралап, озық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

Облыс педагогтарын әдістеме­лік сүйемелдеу жөніндегі орталық ма­мандары қонақтарға атқарып жат­қан жұмыстарының негізгі бағытта­рын айтты. Одан кейін Оқушылар са­райын аралап, өскелең ұрпаққа қан­дай бағыттар бойынша қосымша бі­лім беру бағдарламалары бар екенін көрді.

Қызылжар ауданының орталығын­дағы “Мирас” бөбекжай-бақ­ша­сы – “World skills. Балабақша жобасын жүзе­ге асырып жатқан білім беру ұйымдарының бірі. Аталған жоба балаларды ерте кәсіби бағдарлауға бағытталған. Бұл жерде омбылық ұс­таздар сурет салудың дәстүрлі емес әдістері бойынша көрме және шеберлік сыныбына қатысты.

Бескөл мектеп-колледжінің пе­дагогтары “Көркем-индустриялық еңбек” пәнін оқытудың инновациялық бағдарламасы аясында жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті. Ал облыс орталығындағы №8 жалпы орта бі­лім беретін мектеп-эстетикалық тәр­бие кешеніндегі бірнеше бағыт бо­йынша оқушыларға көркемдік-эстетикалық тәрбие беру бағдарла­масы омбылықтардың қызығушы­лы­ғын тудырды.

Мазмұнды өткен кездесудің нәтижесінде екі өңір арасында білім берудің тиімді әдістемелерімен бөлісу және басқару бойынша ынтымақтастық байланыс нығаятын болды.

Әдия ТАСБОЛАТ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp