Осыған дейін облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы қызметін атқарып келген Әсем Рахметова “Nur Otan” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Оны партия активіне облыс әкімі, филиалдың төрағасы Құмар Ақсақалов таныстырды.
– Евгений Глотовтың басқа қызметке ауысуына байланысты орталық аппараттың келісімімен “Nur Otan” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Әсем Рахметованы тағайындау туралы шешім қабылданды. Әсем Қалашбайқызы – көптен бері идеологиялық салада жұмыс істеген азамат. Сондықтан оны бұл саладағы барлық тетіктерді біледі деп осы қызметке тағайындадық, – деді Құмар Іргебайұлы.
Өңір басшысы үстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап бұл қызметті нәтижелі атқарған Евгений Глотовқа ризашылық білдірді.