«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘҢГІМЕ ӨЗЕГІ — МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным” тақырыбында “дөңгелек үстел” ұйымдастырылды.

Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының басшысы Рустам Бикенев жиналғандарды Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтап, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда кадрлық әлеуеттің қосар үлесі зор екенін атап өтті.

Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Елена Степаненко енді мемлекеттік қызметке орналасу тек кешенді іріктеу мен жұмысты төменгі лауазымдардан бастаудың нәтижелері бойынша мүмкін болатынын атап көрсетті. Сондай-ақ, бұрын мемлекеттік қызметшілер үш жыл сайын аттестаттаудан өткен болса, жаңа заңға сәйкес олардың жұмысы тоқсан сайын бағаланып, жыл соңында қорытындысы шығарылады. Сонымен қатар, жаңа жүйеге сәйкес еңбекақы маманның біліктілігіне, атқаратын жұмысының көлемі мен нәтижесіне байланысты төленеді. Еңбек ету қабілетіне қарай әртүрлі мөлшерде бонустар алуы да ықтимал.

Шара барысында мемлекеттік қызметшінің жаңа Әдеп кодексі жан-жақты түсіндіріліп, мемлекеттік қызметті жаңғыртуға бағытталған жаңашылдықтар әңгіме арқауына айналды.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp