«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЗ КІРПІШІҢ БОЛМАСА — КІРІПТАРСЫҢ

 Импортқа тәуелділік, ішкі өндірістің шектеулілігі және құрылыс материалда­рының баға жағынан қолжетімсіздігі – қазіргі құрылыс саласының жүйелі әрі күрделі мәселелерінің бірі. Бұл ахуал тек экономиканың белгілі бір секторы­ның проблемасы ғана емес, ұлттық инфрақұрылым мен әлеуметтік тұрақты­лыққа әсер ететін маңызды факторға айналды. Елімізде үй салғысы келетін әр азамат, ең алдымен, құрылыс материалдарының бағасы мен қолжетімділігі­не назар аударады. Алайда бағаның артында күрделі әрі ұзақ логистикалық тізбек, кедендік рәсімдер, шетел валютасына тәуелділік және ішкі өндірістің бәсекеге қабілетсіздігі секілді себептер жатыр.

Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында құрылыс көлемі жыл сайын өсіп келе жатқаны­мен, қажетті материалдардың басым бөлігі өзге өңірлерден не­месе көрші мемлекеттерден та­сымалданады. Бұл экономика­лық тұрғыдан тиімсіз, әрі әлеу­меттік әділеттілік ұстанымына да қайшы.

Соңғы жылдары елімізде тұрғын үй мен әлеуметтік ны­сандардың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Қалаларда көпқабатты үйлер салынып, ауылдарда мектеп пен медици­налық мекемелер бой көтеруде. Бірақ құрылыс көлемі артқаны­мен, оған қажетті материалдар­дың қолжетімділігі мен бағасы басты тежеуші факторға айна­лып отыр. Себебі құрылыс на­рығы әлі де шетелдік өнімдерге тәуелді. Импортқа тәуелділік – логистикалық шығындарды есе­леп, материал бағасын шарық­татады. Ал ішкі өндірістің әлеуеті бұл өсімді игеруге қау­қарсыз.

Ресми мәліметтерге сүйен­сек, еліміздегі құрылыс мате­риалдарының 30-40 пайызы ше­телден әкелінеді екен. Яғни құ­рылыс индустриясында өзге­лерге тәуелдіміз. Дамушы мем­лекет үшін мұндай жағдай қауіпті, себебі сыртқы нарық­тарға тәуелділік ішкі баға саяса­тына ықпал етіп, құрылыс қар­қынын тежейді. Соның салда­рынан халықтың баспанаға қол­жетімділігі де күрделене түсері анық.

Сауда және интеграция ми­нистрлігінің мәліметінше, елімізге цемент, арматура, кера­могранит, сэндвич-панельдер, әйнек және әртүрлі кірпіш түр­лері Ресей, Қытай, Түркия және Ираннан жеткізіледі. Былтырғы жылы бір жылдық импорт кө­лемі шамамен 900 миллион АҚШ долларынан асқан. Бұл жер қойнауы бай, шикізаты мол Қазақстан үшін алаңдатарлық факт болып қала бермек. Бұл жағдай әсіресе кірпіш өндірісін­де қатты байқалады. Құрылыс­тың ең негізгі материалы болған кірпіштің өзі кей өңірлерде сырттан жеткізіледі. Жергілікті зауыттар сұранысты өтеуге үлге­ре алмай отыр.

Осыған байланысты құры­лыс материалдарының бағасы жыл сайын өседі. Мәселен, 2021 жылы бір тонна цемент 20-22 мың теңге аралығында болса, бүгінде бұл көрсеткіш 35-40 мың теңгеге жетті. Металл, пластик терезе, гипсокартон және кірпіштің бағасы екі есеге жуық қымбаттаған. Бұл тек құрылыс компанияларының ғана емес, өз үйін салғысы келетін жеке аза­маттардың да қалтасына салмақ түсіреді.

Бағаның шарықтауына жа­нар-жағармай құнының өсуі, логистикалық шығындардың көбеюі, шикізат тапшылығы, құрылыс материалдарының им­портқа тәуелділігі және құрал-жабдықтардың ел ішінде өндірілмеуі де себеп болып отыр. Бұл факторлар әрбір ны­санның өзіндік құнын артты­рып, тұрғын үй бағасының өсуі­не, ипотекалық төлемдердің қымбаттауына әкеледі. Сөйтіп, тұрғын үйге қолжетімділік на­шарлап, әлеуметтік теңсіздік те­реңдейді.

Бұл – экономикалық жос­парлау, өндірістік саясат пен ұлттық қауіпсіздікке қатысты кешенді мәселе. Егер құрылыс материалдары сырттан келіп, олардың бағасы шетел нарығы­мен белгіленсе, онда ішкі тұр­ғын үй саясатының тиімділігі күмән тудырады.

Өңірде де соңғы жылдары құрылыс қарқыны артты. Облыс орталығында тұрғын үй кешен­дері, мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелер бой көтеріп жатыр. Алайда өңір­де қолданылатын материалдар­дың басым бөлігі өзге облыстар­дан немесе шет мемлекеттерден жеткізіледі.

Бұрын құрылыстың негізі болып табылатын кірпіш шыға­ратын үш зауыт болса, бүгінде олардың тек екеуі ғана жұмыс істейді. Олар – «Кірпіш-SK» және «Солтүстік-Кірпіш» серік­тестіктері. «Солтүстік-Кірпіш» серіктестігінің өндіріс қуаты шектеулі болғанымен, жергілікті жеке құрылыс нысанда­рын қамтамасыз етіп отыр. Кәсіпорынның негізін қалаушы Гарик Бернецянның айтуынша, жергілікті шикізатқа негіздел­ген өндіріс сұранысты толық жаба алмайды.

– Қазіргі таңда зауыт күні­не 150 мың кірпіш өндіре ала­ды. Біз жергілікті шикізатты пайдаланып, экологиялық таза әрі берік өнім шығаруға тыры­самыз. Алайда нарықтағы сұ­раныс мұнымен шектелмейді. Қосымша құрал-жабдықтар алып, өндірісті кеңейтуге ниет бар, бірақ ол үшін нақты қол­дау мен кепілді өткізу нарығы қажет. Мемлекеттік құрылыс жобаларында отандық өнімге басымдық берілсе, бұл салада серпіліс болары анық, – дейді ол.

Алайда бұл екі зауыттың өнімі Петропавл мен оған жа­қын маңдағы елді мекендерге ғана жетеді. Аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердегі құрылысшылар, әсіресе жеке сектор кірпішті Қостанай, Ас­тана, Павлодар қалаларынан немесе Омбы мен Түмен облыс­тарынан тасымалдауға мәжбүр. Бұл құрылыс шығынын 15-20 пайызға дейін арттырады.

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының ди­ректоры Есжан Оразалиннің ай­туынша, өңірлік құрылыс нары­ғындағы ең өзекті мәселенің бірі – логистика. Сырттан әкелі­нетін әрбір кірпішке 5-15 теңге көлемінде қосымша шығын қо­сылады.

– Құрылыс материалдарын облысқа сырттан жеткізу кезін­де қосымша шығындар көп. Жа­нар-жағармай бағасының өсуі, жолдың сапасы мен көліктердің тозуы бағаға тікелей әсер етеді. Бұл, әсіресе, ауылдық жерлерде құрылыс жүргізіп жатқан кәсіп­керлер үшін үлкен ауыртпалық. Жергілікті өніммен қамтамасыз ете алсақ, логистикаға тәуелділік те, шығын да азаяр еді. Қазірдің өзінде кәсіпкерлер отандық өндірісті қолдауға дайын, тек тұ­рақты сұраныс пен жүйелі мем­лекеттік қамқорлық қажет, – дейді ол.

Қыс мезгілінде жолдың жа­былуы, көктемде су тасқыны, шекарадағы ұзын-сонар кезек, жанармай тапшылығы да – уа­қыт пен қаражатты шығындай­тын кедергілер. Бұл құрылысты тежеп, мерзімнің созылуына, бюджетке өзгеріс енгізуге мәж­бүрлейді.

Сала сарапшыларының ай­туынша, құрылыс нарығын тұ­рақтандыру үшін аймақта саз, құм, қиыршық тас сияқты ре­сурстар жеткілікті. Осы қорлар­ды тиімді пайдалану арқылы сыртқа тәуелділікті азайтуға бо­лады. Жергілікті өндірісті ынта­ландыру, бюджет қаржысына салынатын нысандарда отандық өнімге басымдық беру, логисти­каны жеңілдету сынды ұсыныс­тар өңірлік құрылыс нарығының тұрақтылығын арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуы­на және экономиканың жанда­нуына ықпал етері сөзсіз. «Об­лыс аумағында құрылыс мате­риалдарын өндіруге қажетті шикізат жеткілікті. Мәселен, Қызылжар, Есіл, Ақжар аудан­дарында саз, қиыршық тас, құм қоры мол. Алайда бұл шикізатты өндіру үшін инфрақұрылым мен инвестициялық жобалар жетіс­пейді. Егер жергілікті кәсіпкер­лер мен инвесторлар осы бағыт­қа бет бұрса, кірпіш пен басқа да материалдарды сырттан тасы­малдауға тәуел-ділікті азайтуға толық мүмкіндік бар», – дейді өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану бө-лімінің бас мама­ны Әділхан Жайсенбаев.

Құрылыс саласы – кез кел­ген елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі ті­регі. Тұрғын үймен қамтамасыз ету, инфрақұрылымдық нысан­дар салу және елді мекендерді көркейту сынды міндеттердің барлығы осы сала арқылы жүзе­ге асады. Алайда Қазақстандағы құрылыс индустриясы импорт­қа тәуелділік, ішкі өндірістің әлсіздігі және логистикалық қиындықтар сынды күрделі мә­селелермен бетпе-бет келіп отыр. Әсіресе бұл түйткілдер ай­мақтық деңгейде, соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында айқын сезіледі. Жер қойнауы бай, шикізат ресурстарына толы өңір бола тұра, құрылыс мате­риалдарының басым бөлігінің сырттан әкелінуі – экономика­лық тұрғыдан тиімсіз, әлеу­меттік тұрғыдан әділетсіз құбы­лыс.

Нұрай ТЕЛЕКЕЕВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp