Татьяна Дзубанның гидрометеорология саласында еңбек ете бастағанына ширек ғасыр. Ол Ресейдің Челябі облысындағы Миасс гидробарлау техникумын тамамдаған соң 1991 жылы облысымыздағы гидрометеорология орталығына жұмысқа қабылданады. Содан бері өз қызметін абыройлы атқарып келе жатқан жанды әріптестері білікті маман ретінде құрмет тұтады. Ол өңіріміздегі су қорының өлшемін, құрамы мен сапасына зерттеу-барлау жұмыстарын жүргізе отырып, табиғат ресурсын үнемдеу сияқты игі істерге де өз үлесін қосып келеді. Өз ісіне тиянақты Татьяна Анатольевнаға әкімшілік 2008 жылы инженер-гидролог қызметін сеніп тапсырды. Ол бұл істе де өзін тек жақсы қырынан танытуда.
“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны өңірімізде 14 қосыннан тұрады. Ол қосындардың басым бөлігі – Есіл өзенінің жағасында. Сондай-ақ, Тораңғыл көлінің маңында орналасқан. Татьяна Анатольевна жас мамандарға да ақыл-кеңес беріп, оларды іскерлікке баулуға да уақыт табады. Ұлттық гидрометеорология қызметіндегі жемісті еңбегі үшін Татьяна Дзубан 2011 жылы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
Нұрбану ЕСІМСЕЙІТ,
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенті.