«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЗГЕ ЕЛДІҢ КӨЛІГІН МІНГЕНДЕР жауапкершілікке тартылды

Облыста “Транзит” жедел-алдын алу шарасының қорытындысы шығарылды.

Наурыз айының 4-і мен 10-ы аралығында облысымыздың жолпатрульдік полициясының қызметкерлері “Транзит” жедел-алдын алу шарасы аясында қызметтерін күшейтілген режімде атқарды. 7 күннің ішінде солтүстікқазақстандық полицейлер жол жүру ережесін бұзудың 2 мыңнан аса фактісін анықтады.

“Транзит” жедел-алдын алу шарасының басты мақсаты – өзге мемлекеттерде тіркелген көлік құралдарын заңсыз пайдалану фактісін болдырмау. “Транзиттің” барысында полицейлер кеден органдары қызметкерлеріне ҚР аумағында 2 айдан астам уақытша тіркеусіз пайдаланылған өзге мемлекеттің көлік құралдарының жүргізушілерін ұстау жөніндегі рейдтік шараларын өткізуге көмектесті.  

7 күн күшейтілген жұмыста облыс аумағында 2107 жол жүру ережесін бұзу анықталды. Оның 248-і шетелде тіркелген автокөліктердің жүргізушілеріне қатысты. 47 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін, 407-сі жылдамдық режімін бұзғаны үшін ұсталды. Қауіпсіздік белдігін тақпаған – 383, көлікті басқарған уақытта ұялы телефонмен сөйлескені үшін 207 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

  Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp