«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨКІЛЕТТІГІН АСЫРА ПАЙДАЛАНҒАН

Жең ұшынан жалғасқан жемқор­лық тыйылар емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті қоғам індетімен күресте ал-дын алу шараларына ерекше назар аударуда. Жуырда департамент мамандары облыстық әділет департаментінде жүргізген тексеріс барысында жемқорлық фактісін анықтады.

Облыстық әділет департаментінің бас маманы бармақ басты, көз қыстылыққа барғаны үшін істі болып отыр. Іс материалдарына сүйенсек, бас маман “StarLain” тауар белгісін заң­сыз пайдалануға жол берген. Яғни, аталмыш маркалы үш дабылқаққыштың орнына біреуін айналымнан алып тастағаны үшін ақша сұрады деген күдікке ілікті. Жемқорлыққа жол берген облыстық әділет департаментінің бас маманына қатаң сөгіс жариялау жөнінде ұйғарым шығарылды.
– Алдын ала тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық дәлелденбегендіктен, қылмыстық істі тоқтату туралы процессуалдық шешім қабылданды. Дегенмен, бұл мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекет болғандықтан, тәртіптік жауапкершілікке тартылмақ. Бас маман өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану арқылы пайдаға кенелуге талпынған, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин.
Осы жайтқа байланысты облыстық әділет департаментінің басшылығына маманға қатаң сөгіс жариялап, жұмыстан шығару жөнінде ұсыныс жіберілді. Бірақ нақты шешімді департамент басшылығы қабылдайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті былтыр Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 200 бабы бойынша 125 ұйғарым жіберген. Оның 118-і еңбек ұжымдарында қаралды.

 

Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің баспасөз хатшысы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp