«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨРКЕНИЕТ ТАМЫРЫ

Әр ұлттың рухани мұрасы бар, ол әлемдік тарих пен мәдениеттің құрамдас бөлігі саналады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласы арқылы ата-бабаларымыздың тарихи құндылықтары мен жетістіктерін қайта жаңғыртты. Құжатта Ұлы дала тарихы тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан ұсынылуы тиіс екені айтылды.

“Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі “Ботай” қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдейді”, – делінген тарихи мақалада. Қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер дала өркениетінің ерте кезеңінен тамыр тартады. Менің ойымша, “Ботай” қонысының базасында этнографиялық музей ашу арқылы біз төл тарихымызға деген құрметті одан сайын еселей түсеміз. Онда “Ботай” мәдениетінің ерекшеліктерін ғана емес, сәулет нысандары мен тұрмыста пайдаланылған заттардың негізінде бес мыңжылдықта ұлтымыздың қалыптасу жолын көрсетуге тиіспіз.

Ата-бабаларымыздың ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып жеткен бай рухани әрі материалдық құндылықтары әлемге паш етілуі керек.

Мейрамкүл ӘБУОВА, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp