«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨТКЕННЕН СЫР ШЕРТКЕН ТУЫНДЫЛАР

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласында тарихи сананы қайта жаңғырту қажеттігін қадап айтып, оны жүзеге асырудың нақты жол­дарын көрсетті. Мақалада сөз болған ұлт тарихы, мәдениеті мен құндылықтарын ұрпақ жадында жаңғырту мақсатында С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Ұлы даланың жеті қыры” атты кітап көрмесі ашылды.

Тоғыз бөлімнен тұратын көрме сөрелеріне үш жүзден астам туынды қойылған. Олар, Президентіміз айтқандай, қазақ жерінде дүниеге келіп, әлемдік өркениеттің дамуына зор үлес қосқан ұлы есімдердің, әдебиет, музыка мен театр салаларындағы айтулы тұлғалардың өмір жолынан, еліміздің тарихи жылнамасындағы ақтаңдақтарды қайта қалпына келтіруге жол ашқан “Мәдени мұра” бағдарламасының орындалу барысынан сыр шертеді.

Көрме ашылған алғашқы күні оны облыстық ардагерлер кеңесінің, бірқатар қоғамдық ұйымдардың мүшелері, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдері, сондай- ақ, кітапханамыздың оқырмандары мен жастар тамашалады.

Елена СКАКУНОВА, С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың іс-шаралар ұйымдастырушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp