Адай Сапарғалиев – іскер азаматтардың бірі. “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша былтыр “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ-ның өңірлік филиалы арқылы 3 миллион теңге несиеге ие болған ол ағаш өңдейтін құрал-жабдықтар сатып алып, Бескөл ауылында шағын цех ашты. Бүгінде онда қалдықсыз өңдеу өндірісі жұмыс істейді.
– Ұжымымыз шағын. Қазір төрт адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз. Жұмысты дұрыс ұйымдастырсаң, еңбегің еш кетпейді. Маркетинг саласын дамытуды да естен шығармау керек. Осылайша өндірісте көп нәрсені ескеруге тура келеді. Әлі де білгенімізден білмейтініміз көп, – дейді кәсіпкер.
Амангелді БЕКМҰРАТОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.
СУРЕТТЕ: кәсіпкер А. Сапарғалиев.
Суретті түсірген автор.