Өзгелер секілді менің де ғұмырымда ұмытылмас, қимастықпен еске алатын кезеңдер аз емес. Оның бірі Бұлақ, Ақтас, Қарағай ауылдарында еңбек еткен, өмірімнің аз ғана бөлігі өткен сәттерім көкірегімде қатталып, жадымда жатталып қалыпты. 1976 жылы мамыр айында атағы облысқа дейін дүркіреп тұрған бұрынғы Мәскеу ауданына (қазіргі Есіл ауданы) қарасты “Бұлақ” кеңшарының директоры, танымал азамат Сайлау Өтеев жаңадан құрылған ХХV партсъезд атындағы шаруашылықты басқаруға жіберіліп, орнына мен тағайындалдым. Бұған дейін бұрынғы Бескөл аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары лауазымында едім.
Жеңіс мерекесінен кейін аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Еркін Мейірманов ауыл активіне таныстырып, жаңа қызметке кірісіп кеттім. 1981 жылы Булаев ауатком төрағалығына бекітілгенге дейін осы елдің талай адамдарымен жолымыз түйісіп, бір үйдің баласындай, дос-жарандай сыйласып өттік.
Толығырақ газетіміздің еретеңгі санынан оқи аласыздар.