«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АДАЛ ЖОЛДЫ ТАҢДАҒАН АДАСПАЙДЫ

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметшінің елді тиімді басқаруы үшін ие болуға тиіс негізгі қасиеттерді атап көрсетті. Олар – оның жоғары моральдық жауапкершілігі, кәсіби білімі, оны тәжірибе жүзінде пайдалана білуі, адалдығы, тазалығы және белсенді өмірлік ұстанымы. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының маңыздылығын сезінуі, өз елінің патриоты болуы және мемлекеттік қызметтің беделін көтеру үшін барлық шараны қолдануы тиіс.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің оң беделін қалыптастыру мен нығайту мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясында ұзақмерзімдік басымдықтардың бірі болып кәсіби мемлекет құру белгіленген. Мемлекетіміздің алдында тұрған жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет пен басқарудың тиімді құрылымын құру көп ретте мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне байланысты. Және де бұл ұмтылыстың әрдайым оңынан қабылданғаны жақсы. Қызметшілер беделінің маңызды функционалдық және мәртебелік мәні барын есепке алсақ, ол оған тұрғындардың сенім деңгейінің көрсеткіші және мемлекет жүргізіп жатқан өзгерістердегі басқарушылық қызметінің тиімділігіне қоғамның берген бағасының өлшемі болып табылады.

Мемлекеттік қызметшінің оң беделіне қойылатын негізгі талап ережелері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінде айқындалған, онда: “Мемлекеттік қызметті алып жүру қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім белгісі болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік пен моральдық-әдептік бейнесіне жоғары талаптар қояды делінген. 

Әрбір мемлекеттік органның алдында мемлекеттік қызметшінің беделін күшейту міндеті тұр. Бұл міндетті табысты атқару үшін “Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Солтүстік Қазақстан департаменті” мемлекеттік мекемесінде барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Біз бірінші кезекте беделді арттыру жөніндегі жұмысты ең басты байлығымыз болып табылатын жас мемлекеттік қызметшілерге бағыттаймыз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде тұрақты оқыту және біліктілікті көтеру мемлекеттік қызметтің негізгі басымдықтарының бірі болуы керектігін атап айтты.

“Нұр Отан” партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында ел Президенті мемлекеттік қызметші басшылыққа алуға тиісті әдеп нормаларын да айқындап берді.

Онда атап айтылғандай, мемлекеттік қызметші билігі мен өкілеттілігін жүргізе білуі, бұл ретте адал болуы, жеке өз игілігі үшін емес, мемлекет игілігіне жұмыс істеуі, “немен күн көресің?” сұрағынан қорықпауы, заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүруі, қандай да бір жағдайда болсын халықтың, өз елінің азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі, әділдік пен қарапайымдылықтың үлгісі болуы және жұрт алдында өзін ұстай білуі керек. Өзі бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап еткенді өзінің де орындауы, егер мемлекет мүддесіне залал жасалып жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық іс-әрекетке дайындық барын көрсе, оған дереу араласуы және шаралар қолдануы тиіс.

Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының толық маңызын ұғынуы және елінің патриоты болуы керек.

Филиалдың мемлекеттік қызметшілері Президенттің Жолдауында қойылған міндеттердің табысты орындалуы өздерінің кәсіптік қызметіндегі жоспарлы және жүйелі жұмыстардың тиімділігіне, лауазымдық міндеттерін адал атқаруларына байланысты екенін ұғынады.

Елена ЮРЬЕВА,

облыстық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру

 департаментінің бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp