Жастар сарайында Әділет органдары қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтіп, өзіне жүктелген міндетті қалтқысыз орындап, белсенділігімен көзге түскен сала мамандары марапатқа ие болды.
Сала қызметкерлерін өңір басшысының атынан кәсіби мерекелерімен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев: “Заманауи Қазақстанның қалыптасу жолы сан түрлі өзгерістерге толы болды. Бұл кезең еліміздің құқық қорғау жүйесі, соның ішінде әділет органдары үшін де үлкен сынақ болғаны рас. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында, жыл сайынғы және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауларында аталған салаға айрықша назар аударылып, жетілдіру үшін міндеттер қойылады. Оны жүзеге асыруда әділет органдары қызметкерлерінің рөлі зор. Мемлекет басшысы жүктеген міндетті абыроймен атқару арқылы ел дамуына үлес қосып отырсыздар. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға береке, қызметтеріңізге табыс тілеймін, – деді.
Осыдан кейін Руслан Қанатханұлы адал еңбегі, әділет саласын жетілдіруге қосқан сүбелі үлесі үшін бірқатар азаматқа облыс әкімінің Құрмет грамотасын және Алғыс хатын табыстады.
Толығырақ газетіміздің келесі нөмірінен оқи аласыздар.