«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Азаматтарды қабылдау” алаңы

Облыстық полиция департа­мен­тінде ведомствоның бірінші бас­шысының және оның орынба­сар­ларының азаматтарды жеке қа­былдауы жалғасуда. Апта са­йын облыстық полиция департа­ментінің бастығы, полиция пол­ков­нигі Марат Төлебаев алдын ала жазылу бойынша азамат­тарды қабылдайды.

Қауіпті індеттің таралуы салда­рынан енгізілген шектеу шара­ла­рына байланысты қабылдау “Аза­маттарды қабылдау” алаңдары­нан бейнеқоңырау арқылы жүзеге асырылады. Мұндай алаңдар өңірдің әрбір полиция бөлінісінде ұйымдастырылды. Күз басталға­лы осындай форматта 39 азамат, оның 23-ін полиция департаменті­нің бастығы Марат Төлебаев, қал­ғандарын орынбасарлары қабыл­даған. Соңғы қабылдауда облыс­тық полиция бастығына жеті адам жүгінді. Тұрғындар сұрақтарының басым бөлігі қылмыстық істерді тергеуге, ішкі істер органдарына жұ­мысқа орналасуға қатысты бол­ды. Марат Сағынтайұлына жүгін­ген азаматтардың барлығы тың­да­лып, олар көтерген мәселе­лер­ді шешу үшін бөлініс басшыла­ры­на қажетті нұсқаулар берілді.

Полиция департаменті құжат­та­малық қамтамасыз ету басқар­масының басшысы Динара Қо­жан­таеваның ақпараты бойынша, тоғыз айдың ішінде өңірдегі поли­ция бөліністері басшылығының же­ке қабылдауында 1122 адам бол­ған, оның ішінде облыстық по­ли­ция департаментінің бастығы Марат Төлебаев – 90, орынбасар­ла­ры 42 адамды, қалғандарын қа­ла­лық және аудандық басқар­ма­лардың және облыстық полиция департаменті бөлімдерінің бірінші басшылары қабылдаған.

Мәдина БАЛҒАШОҚОВА,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бастығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp