«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЗАТТЫҒЫМ, АРМЫСЫҢ, БЕУ, АЙБЫНЫМ!

Азаттығым, армысың, беу, айбыным,

Орны толды шеккен мұң мен қайғының.

Ата-бабам өткергенін басынан

Тізе берем қайбірін?

Сен ғанасың сан ғасырға сай күнім!

 

Азаттығым, орындалған арманым,

Сені аңсап, толғанбаған бар ма күн?

Сағы сынып, сағынғанға жете алмай,

Талай бабам шайнап өткен бармағын,

Сондықтан да ауыр сенің салмағың.

Азаттығым, сен тұрғанда төрімде,

Бақыттырақ, қызығырақ өмір де,

Қуанышты, шалқи түсер көңіл де.

Талай ғасыр зар боп жүрген елдер бар

Армандаған азаттығын көруге.

Осы жайды толғанысты ой қыла,

Тәңір сені көрмесінші жойдыра.

Азаттығым, сенің жарқын нұрыңмен

Шұғыла-шаттық сыйып тұр ғой қойныма.

Азаттығым, өзің бастап сенімге,

Бақыт нұры төгіледі елімде.

Жер-жаһанда адамзаттың аңсауы,

Сенен асқан байлық бар ма, тегінде?!

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,

  ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp