«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙТЫС — ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ

 

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен “Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі” атты жұлдызды 25 күн акциясы аясында “Айтыс – халық қазынасы” тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинарды орталықтың қазақ шығармашылығын дамыту бөлімінің әдіскері, айтыскер ақын Жарқын Жұпархан ашып, біздің өңірде айтыс өнері кенжелеп қалғанын, жас ақындарды тәрбиелеп, оларды беделді мүшәйраларға қатыстыру қажеттігін тілге тиек етті.

Шара барысында мәдениет жанашыры, кәсіпкер Дәстен Баймұқанов пен халық шығармашылығын дамыту бөлімінің басшысы Таңат Бейсенбаев айтыстың кешегісі мен бүгінін, оның теориясын таразылап, стильдік ерекшелігі жайлы баяндап, оқушыларды ізгілікке, патриоттыққа және тағы басқа қасиеттерге баулитын тәрбиелік маңызын сөз етті.

Филология ғылымдарының кандидаты Жанбай Қадыров СҚМУ жанынан “Мұрагер” клубының құрылғанын айтты. Дәстүрлі ән байқауларының жүлдегері Ғ.Нұрпейісов әннен шашу шашса, республикалық, облыстық жыр мүшәйраларының лауреаттары Ф.Тастанбеков пен Р.Дөкетбаев өлеңдерін оқыды. Ал №19 қазақ мектеп-гимназиясының өнер тобындағы мектеп оқушылары Халел Мөлдір мен Еркін Әдия айтысып, өнер-сүйер қауымның ризашылығына бөленді.

Шара соңында қатысушыларға “Жас қаламгер” клубының мүшесі ретінде куәлік табыс етілді.

Айгүл ХАМЗИНА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp