Ғалымдарға үздік, екпінді ғылыми зерттеулері және өмірге енгізген инновациялары үшін берілетін еліміздің ғылым саласындағы ең жоғары марапаты – әл-Фараби атындағы 2015 жылғы Мемлекеттік сыйлық 39 отандасымызға бұйырды. Олардың арасында біздің жерлесіміз, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің «Экономика институты» РМҚК-ның Әлеуметтік өңдеу және адами капиталды дамыту орталығының бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Аманжол Қошанов та бар. Оған бұл атақ «Таңдамалы шығармалар» (10 томдық) тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін берілді.
(Өз тілшіміз).