«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АЛТЫН САПАНЫ” ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ДЕ АЛДЫ

Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің “Алтын сапа” жүлдесінің жеңімпаздары анықталып, салтанатты түрде марапатталды.

Салтанатты шарада алдымен “Іскер” арнайы жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды. “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев марапаттаған өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорындардың ішінде солтүстікқазақстандық “Стрелец А.В.” жеке кәсіпкерлігі де бар. Ал “Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын” аталымы бойынша “Алтын сапа” жүлдесіне “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ ие болды. Осындай биік межеден көрінген жерлестеріміздің жемісті де жеңісті еңбегі біздерге де зор қуаныш.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp