«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛЫСҚА ҰЗАМАДЫ

Облыс полицейлері пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады. Күдіктілер Петропавл қаласының өзінде 10-нан астам үйді үптеп кеткен.

Олардың Ақмола және Қостанай облыстарында да ұрлық жасағаны мәлім болды. Мұнда әккі қулар жиырмаға жуық пәтерді тонаған. Тәртіп сақшылары қылмыстық топты Астана қаласында қолға түсірді.

Осындай кәсіппен айналысқан тағы екеуі өткен жылдың соңында ұсталған еді. Олардың бірі – Ақмола облысының тумасы, екіншісі – біздің жерлесіміз. Ұрылар облыс орталығындағы бірнеше кеңсені және 6 пәтерді тонағанын мойындады. Олар пәтерлерді сыртынан торуылдап, үй иелері жоқ кезінде пластикалық терезелерді күшпен ашып отырған.  

Көбіне ұрылар алтын бұйымдарға, ноутбуктарға, ақшаға көз тігеді. Кейбіреулер азық-түлікке дейін алып кетіп отырған. Мұндай келеңсіздікке тап болмаудың бірден-бір жолы пәтерге дабыл белгісін орнату. Бұған қоса бірнеше қос есік қана ұрылардың арам ойларын жүзеге асыруға бөгет болады.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp