Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылының тұрғыны “Audi А6” көлігін белгісіз біреу айдап әкеткені туралы аудандық полиция бөліміне хабарласқан. Айтуынша, ұлы көлікпен туысын дәмханаға апарған. Сол жерде танысын кездестіріп, әңгімелесіп тұрған кезде дәмханадан шыққан мас біреу көлік салонына барып отырып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.
Алайда көп ұзамай көлік жол жиегіне шығып кеткен. Оны жанынан өтіп бара жатқан патрульдік полиция батальонының қызметкерлері байқап қалған. Олар 19 жастағы ауыл тұрғынына көлік салонынан шығуға көмектескен. Аталған факті автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын рұқсатсыз иеленіп кету бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бұдан бөлек, күдіктіге қатысты мас күйде көлік жүргізгені үшін әкімшілік материал жиналуда, іс сотқа жіберіледі.
Жыл басынан бері облыста автокөлік құралын заңсыз иемденудің 61 фактісі тіркелді.
Ерлан МАХМЕТОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.