«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛЫС АУЫЛДАР ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛУДА

Қазіргі таңда өңіріміздегі елді ме­кен­дердің 410-ы, яғни 64,56 пайызы интернетпен қамтылып отыр. Бұл ауыл­дық жерде тұратын 273 мыңға жуық адам заманауи байланыс жүйе­сімен қамтылғанын білдіреді. Ал 37 мыңнан астам тұрғыны бар 225 ауыл­да әлі күнге сапалы интернет жоқ.

Қуанышты жаңалық – жыл соңына де­йін тағы 133 ауылға интернет жүйе­сі тартылады. Жобалар негізінен мем­лекеттік-жекешелік әріптестік бойын­ша қолға алынуда. Қазір кеңжолақты интернет 75 елді мекенге жетіп үл­герді. Мәселен, Уәлиханов ауданына қа­расты Мортық, Қоңдыбай, Көбен­сай ауылдарында тиісті жұмыстар ат­қарылуда.
Барлық елді мекенге бір мезетте кеңжолақты желі тарту мүмкін емес, сондықтан 70 ауыл “Beeline”, “Kcell”, “Altel”, “Tele 2” ұялы байланыс опе­ра­торлары арқылы мобильді интернетті пайдаланатын болады. Келесі жылы бұл жұмыстар жалғасын тауып, жеті мыңнан астам тұрғыны бар 21 елді ме­кенге мобильді интернет қосылады. Бұл ауылдардың әрқайсысында 250-ден артық тұрғын бар.
Байланыс мамандарының айтуын­ша, алдағы бір-екі жылда өңір тұрғын­дарының 95 пайызы кеңжолақты ин­тернеттің игілігін көретін болады. Де­генмен, осы жылдың жоспарына ен­беген 20 мыңға жуық тұрғыны бар 172 ауылда бұл мәселе әлі өзекті күйінде қалып отыр.

Өмір ЕСҚАЛИ,
“Soltústik Qazaqstan”.   

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp