Облыс орталығында волейболдан жоғары лиганың “А” тобындағы ерлер командалары арасында ел біріншілігінің екінші туры бастау алды.
Жарыстың алғашқы күні турнир кестесінде төртінші және бесінші орындарды бөлісіп тұрған петропавлдық “Динамо-Есіл СК” мен оралдық “Жайық” волейбол құрама командалары кездесті.
Бес партияға созылған тартысты кездесуде жерлестеріміз айқын басымдықпен жеңіске жетті. Сөйтіп, екінші турдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Сайыстар желтоқсанның 28-іне дейін жалғасады.
(Өз тілшіміз).