«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛҒА ҰМТЫЛҒАН АРАЛАҒАШ

Сонау 1929 жылы “Жойылдыбай” артелі болып құрылған Аралағашта алғашында 25 үй, 250 қой, 30 сиыр, 15 жылқы, бір тілді 3 ағаш соқасы бар еді. Алғашқы басшысы Рамазан Ыбырайұлы болды. 1934 жылдан 1959 жылға дейін “Төңкеріс” колхозы болса, ал тың игеру басталған дүбірлі жылдары “Ленин” совхозының екінші бөлімшесіне айналды. Бертін жеке шаңырақ құрып, совхоз атанды.

“Аралағаш” совхоз болған жылдары егіншілік пен мал шаруашылығын қатар дамытты. Тың игерудің арқасында егістігі – 6 мың гектарға, ірі қарасы – 7 мыңнан, жылқысы 300-ден асты.

“Аралағаш” совхозы 1978, 1992 жылдары егістіктің әр гектарынан 25 центнер өнім алып, рекорд жасады. Сол жылдары ауыл өмірінде көптеген оң өзгерістер болды. 1978-1983 жылдары жаңа тұрғын үйлер салынса, 1983-1986 жылдары жаңа мектеп пен балабақша, машина жөндейтін цех іске қосылды. 1990-1992 жылдары демалыс орындары, монша, асхана ашылса, 1994-1998 жылдары жеке шаруашылық серіктестері құрыла бастады. 1999 жылдан Аққайың ауданының Аралағаш ауылдық округі болып аталатын бұл ауылдың 60 жылдық тың игеру тарихын қазір “Зенченко және К” ЖШС-і жалғастырып келеді.

Ысқақ ӘЛІҰЛЫ,

зейнеткер.

Аққайың ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp