«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алғыс арқалаған Ақмарал

Дүниежүзін тарының қауызына сый­дырардай үрей құшағына алған әлем­дік пандемия кезінде біздің елде әрбір тұрғынның амандығы үшін бастарын бәйгеге тіге жүріп, алғы шепте қызмет еткен азаматтар қатары аз болды деп айта алмаймыз. Олардың қауіп пен қатердің белортасында ұйымдасты­рыл­ған жұмыстарын, адал еңбектерін ынталандыру мақсатында Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Ха­лық алғысы” медалін тағайындаған бо­латын. Төтенше жағдай кезінде өңірі­міз­дегі қазақ баспасөзінің қарашаңы­рағы облыстық “Soltústik Qazaqstan” га­зе­тінің ұжымы да жұмысын бір сәтке тоқтатпады. Осы орайда өзі­нің еңбек­қорлығы мен ізденімпазды­ғы­ның ар­қасында сын сағаттарда қо­ғам­ға жан­а­шырлық таныта білген әріп­тесіміз, га­зе­тіміздің бөлім меңге­ру­шісі Ақмарал Есдәулетованың ең­бе­гін айта кету лә­зім. Облыстық әкім­дік­те өткен салта­натты шарада өңір басшысының орын­­басары Ғани Ны­ғы­метов оның кеу­­десіне “Халық ал­ғысы” медалін тақты.

Ақмарал Құрманайқызын көзі қарақты оқырман қаламы жүйрік, ойы ұш­қыр журналист ретінде жақсы таниды. Карантин уақытында дүниені дүрбе­леңге салған дауасыз дертпен күрес­тегі білікті дәрігерлердің еңбегі, ерікті­лердің қызметі, мемлекет тарапынан тұр­ғындарға көрсетіліп жатқан көмек­тер туралы өндірте жазған әріптесіміз­ді осынау жетістігімен құттықтаймыз.

“Қызылжар-Ақпарат”

ЖШС-нің ұжымы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp